Сабақтың тақырыбы: Оркестрмен тілдескен дирижер Ахмет Жұбанов
"Ақ көгершін" әні.
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы -
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы
туралы қысқаша мәлімет беру. "Ақ көгершін" әні.
2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық іс-әрекетін
дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық
ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді
дұрыс орындауға машықтандыру.
3) Тәрбиелілік: Әнді тыңдату, айту арқылы Отанын сүюге,
рухани адамгершілікке,өз ісіне сенімі мол, еңбекқор,
мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, репродуктивтік, сұрақ-жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық, жеке даралап оқыту
Сабақтың көрнекі-құралдары: интерактивті тақта, саз аспатары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстандағы алғаш ән-романс жазған композиторлар кімдер?
2. Композиторлар Л. Хамиди мен Н. Тілендиев шығармаларын ата.
3. Н. Тілендиевтің "Әке туралы жыр" атты әнінің мағынасынан не түсіңдің?
ІІІ. Жаңа сабақ
Бейнебаян көрсету (3 мин)
"Оркестрмен тілдескен дирижер - Ахмет Қуанұлы Жұбанов" Ақ көгершін әні
Ахмет Жұбанов (1906-1968) - композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген. 1932-193
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>