Қорғау құралдарын баптау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

WWW құрылымы 1993 жылы ұйымдастырылған. Негізінде WWW түрінде қолданылады, ол пайдаланылатын гипермәтінмен байланысты.
Әлемде 2000 жылдардың басында 850 миллионға жуық WEB-беттер есепке алынған. Әдеттегідей WEB-беттер басқа WEB-беттермен өзара әсерлесетін ақпараттық қызығушылықты туғызады. Бір тақырыпқа байланысты (мазмұнына қарай) бір WEB-сервердегі WEB-беттер жиынтығы WEB-сайттар деп аталады. Сайт ағылшын тілінен аударғанда "Орын" дегенді білдіреді және ол белгілі бір мекеменікі немесе адамдікі болуы мүмкін.
World Wide Web - бұл Интернеттiң мультимедиялық қызметi, онда HTML (Hyper Text Markup Language-гипермәтiндiк құжаттарды дайындау тiлi) тiлiнде құрылған көлемдi гипермәтiндiк құжаттар сақталған. Гипермәтiн - бұл мәтiндi елестету әдiсi, бейне, дыбыс және көрiнiс барлығы бiр-бiрiмен қосалқы ассоциативтi желi арқылы байланысқан. Гипермәтiн форматы қолданушыларға мәтiндi кез келген ретте қарастыруға мүмкiндiк бередi. Одан басқа Интернетке саяхат жасауға көмектесетiн хаттамалар да бар, яғни ресурсты тауып, оны бiр компьютерден екiншiге жолдауға болады.
Кез келген WEB-бет қандай да бір желі құрамына кіретін қандай да бір WEB-серверде орналасады. Сондықтан да мұндай беттерді іздестіру ыңғайлы болу үшін ресурстардың әмбебап көрсеткіші қолданылады (URL-адрес Uniformed Resource Locator). Ресурстардың әмбебап көрсеткіші, сонымен бірге, ізделінді құжат орналасқан сервердің атын және құжат файлының жолын көрсетеді. Интернеттегі әрбір беттің өзінің жеке URL-адресі бар. Жалпы айтқанда, бұл адрестіқ құрылымы MS DOS операциялық жүйесіндегі файлдың толық атының жазылуы тәрізді. URL стандарты Интернеттегі біртекті адрестеу жүйесін қалыптастыруға көмектеседі.

Іnternet хаттамасы
Іnternet-те TCP/ІP деректерді тарату хаттамасы пайдалынылады. Б

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: