Ондық бөлшектерді қосу және азайту.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Ондық бөлшектердің ережелерін есептеулерде пайдалана білу, өткен тақырыптарды оқушылар санасына қалыптастыру. Өздігінен ізденуге, еңбектенуге, алған білімдерін өзіндік ізденіс арқылы ойлау қабілетін дамыту, есептеуде пайдалана білуге дағдыланды
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақ өткізу формалары: жеке, жұптық, ұжымдық, топтық, деңгейлік.
Пайдаланылған әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, сөздік, жартылай ізденушілік бірін - бірі тексеру, өзін - өзі тексеру, деңгейлік оқыту.
Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: слайдтар, кеспе қағаздар, саралап оқыту, бағалау парағы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген тақырыптарды қайталау.
1. Ондық бөлшек дегеніміз не?
2. Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
3. Бөлімі 10; 100; 1000;. . . болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
4. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
5. Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі ондық таңбалар саны қалай анықталады?
6. Бес бүтін мыңнан он сегіз саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндіріп бер.
7. Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 13, 55 санына тең бөлшекке мысал келтір.
8. Бөлшектің ондық жазылуында қанша цифр б
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>