Омир сен маган кымбатсын

Страницы: 1 | 2  >  >>

"Өмір сен маған қымбатсың" тренинг.

Мақсаты:
"Өмір", "бақыт" ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау;
Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызу;
Өмірге құштарлықтарын арттыру;
Құрал - жабдық: қағаз, қалам
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Көңіл - күйлерін сұрау
Ойын ережесі
бір - бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым - қатынас
жағымды эмоция тудыру
Барысы:
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:- "Өмірдің ағымынан қалмау"
-"ешқашанда білмеймін демеу"
-"қасындағыларға көмектесу"

" Биік шыңға ұмтылу"
Оқушыларға аяқталмаған сөйлем беріледі
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады(парақ таратылады) тақтада сөйлемнің басы жазылған:
Ашық айтқанда, маған әлі қиын. . .
Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат. . .
Ашық айтқанда, маған ұнамайды. . .
Ашық айтқанда, мен қуанамын. . .

Психолог:
- Біз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?
- қолдарыңды көтеріңдер, кімде сенімді дос бар?
Аутогенді жаттығу.
Тренингке барлық оқушы қатысады.
Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір - бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)

Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылғаны ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір - бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөңгеленіп отырып, арқ

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: