Ом заңы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ жоспары
Мерзімі Сынып
Тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған ом заңы. Электр кедергісі.
Мақсаты:
а) білімділік: Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың бесенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, өткен тарауда алған білімдерін жетілдіру, тиянақтау, еске түсіре отырып, білімдерін қорытындылау.
ә) дамыту: Танымдық ойлау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын туғызу.
б) тәрбиелік: Тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, топ намысын қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Амперметр, вольтметр, кілт, шам, ток көзі, слайдтар, виртуалды зертханалық жұмыстар, формулалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
II. Үй тапсырмасын қайталау 7 мин
Электр кернеуі деп нені айтады? Оның бірліктері қандай?
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын аустырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының сол зарядқа қатынасы кернеу деп аталады.
UA/q; 1В1Дж/1Кл
Кернеуді қалай өлшейді?
Өткізгіштің қандай да бір екі нүктесінің арасындағы кернеуді өлшеу үшін, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Вольтметр тізбекке параллель жалғанады.
Кернеуді қандай құралмен өлшейді?
Өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшеуге арналған құралды вольтметр деп атайды.
Электр тізбегі неше бөліктен тұрады?
Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі бөліктен тұрады. Ток көзі ішкі тізбекке, ал қалған барлық бөлігі сыртқы тізбекке жатады.
III. Жаңа сабақты түсіндіру 20 мин
Ток күші неге және қалай тәуелді екеніні қарастырайық.
Электр тізбегін жинақтап, АВ өткізгіш арқылы ток өткізейік. Амперметрмен АВ өткізгішіндег

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: