Негіздер. Олардың құрамы және жіктелуі. Негіздердің химиялық қасиеттері. Негіздердің қолданылуы.
Бекіту сабағы
Сабақтың мақсаты:
1. білімділік: Негіздер. Олардың құрамы және жіктелуі. Негіздердің физикалық және химиялық қасиеттері. Негіздердің қолданылуы туралы алған білімдерін жинақтап,оқушылардың білімдерін бекіту.
2. дамытушылық: өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және білімге деген ынтасын арттыру.
3. тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, инабаттылыққа, тазалыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім бекіту
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сөздік әдіс,көрнекілік әдіс, Модулді-бөлікті технология,интерактивті тақта,
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, Менделеевтің периодтық жүйесі, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың ерігіштік кестесі,реактивтер : сілтілер(натрий гидроксиді,калий гидроксиді,су, индикаторлар,мыс хлориді, варий хлориді),сынауықтар
Сабақтың пән аралық байланысы: Экология, биология
Сабақ кезендері
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Жұмыс түрі
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеріп, бүгінгі химия сабағында "Негіздер" әлеміне химиялық саяхатқа шығатынымызды хабарлаймын. Негіздер әлеміне жету үшін біз сендермен көптеген кедергілерден өтіп, оксидтер,қышқылдар,тұздар ауылдарының тапсырмаларынан мүдірмей өтіп, негіздер әлемімен танысамыз. Онда бізді негіздер,құрамы мен жіктелуі,физикалық және химиялық қасиеттері,қолданылуы туралы білімдерімізді жинақтап,бекітеміз! Ал,балалар сәт сапар сендерге!
Сабаққа дайын отырады, мұғаліммен амандасып, тындайды.
жалпылама
Ой шақыру.
1. Сұрақ-жауап әдісі:
"Қайталау" станциясына келіп жеттік, бұл ста
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>