Өнеге отбасынан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мектеп: Ақжайық ЖОББ Күні: Тақырыбы: Өнеге отбасынан Құндылық : Тыныштық Қасиеттер: сыпайылық, шыдамдылық, тәртіп Мұғалім: Борис А. Б Сыныбы: 2
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында отбасы сыйластығы, шаңырақ жарастығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 1)отбасы сыйластығы, шаңырақ жарастығы туралы түсінік беру; 2)бір шаңырақта тұратын адамдар арасында сыйластық қарым- қатынастарын дамыту; 3) тыныштық сақтау, отбасында сыйлы, тәртіпті болуға тәрбиелеу;

Ресурстар (құралдар. мәліметтер)
Сабақ барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті
Баяу әуен қосылады. Оқушылар түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады. Мұғалім биязы, жағымды дауыспен айтады:
"Балалар, өздеріңізді табиғат аясында серуендеп жүргендей көз алдарыңызға елестетіңіздерші!". Сіз жасыл шалғын көгалда жалаңаяқ келе жатырсыз. Сіздің табаныңыз жұп - жұмсақ шөптің жылуын сезінеді. Тыныштық. Бетіңіз бен шаштарыңызға соққан самал желдің лебі келгендей болады. Тап - таза сау ауаны рахаттана жұтамыз.
Терең тыныс аламыз. Тыныштық. Жан - жағымызда күннің шуағымен жайқалып өсіп тұрған алуан түрлі өсімдіктер мен гүлдер. Иістері жұпар аңқиды. Терең тыныс аламыз. Тамылжыта сайраған дала құстарының даусы мен сылдырлап ағып жатқан өзеннің даусы да келеді құлағымызға. "
Тыныштық. Терең тыныс ала отырып, көзімізді ашып, сабағымызға ораламыз.

II Дәйек сөз.
"Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей сапар шекпес"
Қорқыт ата


III Әңгімелесу
"Сүйіспеншілік" А. Асылбеков
Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалады да, ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: "Біз шақырған жерге үшеуміз бірге бармаймыз ",- дейді. - Оң жақта

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: