Нағыз досыңды тани біл, досым

Страницы: <<  <  1 | 2

і.
Достар көп күтеді, ақыры күн ұясына батарда достар үйлеріне тарқаса бастайды. Кірпі соңына дейін күтіп, тиын оралмаған соң, артынан өзі құдыққа түседі. Құдықтың іші тас қараңғы, суық екен, кірпі қорықса да, өз қорқынышын женіп, тиынды қалай боса да табуға бел буады. Сөйтіп келе жатса бір жылаған дауыс естіледі, сол дауыс жаққа барса тиын екен, ол екі бұтаның арасына қыстырылып, шыға алмай, жылап отыр екен.
Кірпі: - «Тиын, досым-ау жыламашы, мен жаныңдамын, қазір көмектесемін» - депті.
Сонда тиын: - «Кірпі, сен кішкентайсың ғой, маған қалайша көмектеспексің» - депті. Сонда кірпі үн қатпастан, бұтаны арқасындағы инелерімен ары-бері, ары-бері үйкелей бастапты, ақырында тиын босап, екеуі доптарын алып құдықтан аман есен шыққан екен.
Басыңа күн туғанда, нағыз достың жаныңда болары қақ, оны түсінген тиын мен кірпі өмір бақи айнымас достарға айналыпты. «Шын достың қандай екенін басыңа іс тускенде білесін» деген халық нақыл сөзі бекер айтылмаған. Сондықтан нағыз достың қадірін білейік, достар.




Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: