: Баласы үшін анашым
Күндері аз ғой көз ілген
Ардақты ана қарызбын өзіңе
Жүрегіңнен күн мейрімі төгілген- дей отырып аналарды ойынға шақырғым келеді.
Ойын: "Түймедақ гүлі"
Жүргізуші: Ақ қар еріп, су көбейіп
Сай салада ағады
Бүршік шашып
Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады. . .
Мал маңырап, төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктемде!
Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Бәйшешек кіреді.
Бәйшешек: Армысыздар балақайлар,
Әзиз әже, назды апайлар
Мол шуақты ала келдім
Қуаныңдар балақайлар
Мен құлпырған бәйшешекпін
Келіп жеттім көктемменен
Шаттаныңдар мейірімді аналар
Бұл мереке тек сіздерге арналар.
Жүргізуші: Рахмет, Бәйшешек біздің балалар сізге сыйлық ретінде дайындаған
тақпақ-әндері мен билері де бар.
Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге
Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп
Күн ашылса болғаны,
Көлдеңдейді көбелек.
Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып
Қызғалдақ боп құлпырап
Көктем - біздің балалық.
Ән: "Көктем"
Бәйшешек: Балалар сендердің аналарыңа дайындаған сыйлықтарың қайда?
Екі бала: Мұнда, мұнда біздің сыйлықтар
(деп үлкен пілді жетектеп,залды бір айналдырып кіргізеді де үстіндегі себеттегі жүректерді тәрбиеші балаларға үлестіреді)
Би: "Жүректен жүрекке" бидің соңында балалар жүректерін аналарына сыйлайды.
(орнындарына келіп тұрады)
Жүргізуші: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Любит наша бабушка с нами п
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>