Наурыз мейрамы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жүргізуші: Барша халық асыға көптен күтетін шырайлы да, шұғылалы көктем мерекесі, жыл басы Наурыз айы Арқа төсіне де келіп жетті.
Қай ақынды алып қарасақ та, осы көктем мезгіліне өздерінің сұлу жырларын арнаған.
"Бұл көктем, неткен көктем, көктем, көктем,
Құдай-ай, сен осындай көкпеңбек пе ең?",
- деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған көктем де келді. Тоң болып қалған қарлар жібіп, жылғалардан аққан сулар да күміс қоңыраудай сылдырап, әсем бір күйге бөлейтін шақ - Наурыз айы, Наурыз тойы да басталды.

1 бала: Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз - жыл басы. Бұл күн, күн мен түн теңесіп, табиғат ананың оянып, жер көгеріп, төрт түлік төлдеп, ақ құйылып, дүние әлемнің жаңарып, жайнаған кезі.

2- бала Тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз ерекше маңызға ие болып, айрықша атап өтелетін жағдайға жеттік. Осы көне Наурыз мерекесі көктемнің келгенін, табиғаттың оянғанын білдіріп, жаңа жылдың басы ретінде туған Отанымызға деген барлық ұлттар мен ұлыстардың ықыласын біріктіріп, түрлі ұлттық салт-дәстүрлер, туыстықпен бір-біріне деген құрметті білдіреді.

Жүргізуші: Осы мейрам тұсында біздің халқымыздың мейрімділігі, қайырымдылығы, ақ жарқындылығы тәрізді ең жақсы қасиеттері көрінеді.
Құрметті, достар!
Ғасырлар қойнауынан біздерді Наурыз мейрамымен құттықтап ертегі кейіпкерлері келді. Қарсы алайық !
Тойды ақылды, әрі әділ Жиренше ашады.
/ Музыка ойналады /

Жиренше: - Құрметті менің бақытты ұрпақтарым!

Көктем және қуаныш мейрамы құтты болсын !

Ұлыстың ұлы күні береке мен молшылық әкелсін!

Барлық жамандық атаулы жойылсын!

Қуаныш пен күлкі жүздерінен кетпесін.

Наурыз тойын жұп жазбай

Биыл қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық,

Өлең, жыр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: