Наурыз-Думан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»
(Мектепішілік мерекелік шара 2-11)
Сахна мерекеге сай безендіріледі. «Бәйге» әнінің әуенімен қазақ қыздары кіріп, екі қатар болып тұрады.
Күй «Балбырауын» Қадырбеков Н.
Ән «Гүлдерайым» Сисенғалиева А. Т.
1-жүргізуші: - Армысыздар салт-дәстүрін қасиет тұтқан бүгінгі мерекеге жиылған қауым! Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік думанды кешімізге қош келдіңіздер.
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі.
2-жүргізуші:
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, ана - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
(Әжелер шашу шашады)
Ән «Қоғалы-ай» (әжелер орындайды)
1-жүргізуші:
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
2-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Құтты болсын мереке,
Болсын думан береке!
Думанды мерекемізге ақ батасы мен а тілектерін арнай келген Қыдыр ата мен Наурызгүлдерді қошеметпен қарсы алайық.
(Сахнаға Қыдыр ата мен Наурызгүлдер шығады. )
«Гүлдер» биі 2 сынып
1-жүргізуші:
Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме
Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның
Көзелсін бұлақ жылғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз – жыл басы!
2-жүргізуші:
-Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, на

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: