алай келеді"?
-Наубайдан. 
-"Наубайға қайдан келеді?"
-Диірменнен
-"Диірменге қайдан келеді?"
-Диқаннан
-Дұрыс балалар. 
Балалар сендердің үйлеріңде бауырсақты апаларың мен мамаларын қалай пісіреді?
-Пешке от жағып, қазанға май құйып пісіреді. - Дұрыс. 
Сергіту сәті: 
Нәйім-нәйім, бауырсақ!
Ағын суға шомылсақ!
Жаман бала - ойынсақ!
Жақсы бала - малсақ!
Ойын: "Қайдан келдің бауырсақ"
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы сабақты бекіту, ретімен орналастыруға үйрету. 
Ойын барысы: Бауырсақ қайдан келгені жайлы барлық суреттерді шығарып бауырсақты домалап бару арқылы ойынды ойнату. Балаларға сұрақ қойып, жауап алу. 
-Балалар кәне бәріміз сиқырлық тақтаға қараймыз. 
-Сендердің алдарыңда сыйқырлы тақтада карточкалар тұр. Сол карточкаларға қарап сөйлем құрайық. 
 
 
 
Өте жақсы балалар дұрыс. 
Сөйлем құрай алдыңдар. 
-Тағы сыйқырлы тақтаға қарайық?
-Сендердің алдарыңда әртүрлі суреттер тұр
-Қайсысының бауырсаққа қатысы бар. 
-Дұрыс қазан
-Қазан не үшін керек?
-Жақсы бауырсақ пісіру үшін
-Балалар бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. 
-Қандай өлеңді тыңдадыңдар?
-"Қайдан келдің бауырсақ?"
-Өте дұрыс
-Ойынды да ынталы ойнадыңдар. 
Қорытынды: Балалар, біз бүгін жазушы Ө. Тұрманжановтың "Қайдан келдің, бауырсақ?" өлеңімен таныстық. Нан дастарханға оңайлықпен келмейтінін білдік. Көптеген адамның еңбегі арқылы келетінін түсіндік. "Нан-қасиетті тағам", "Нан болса, ән де болады". Дастарханымызда нан тағамдары көп болсын. Диқаншылар еңбегін құрметтейік балалар. 
		
		
Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
		
		
	    
	
    