Байтерек негізгі мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұршәріп Ержанат І - санатты
Жарыс тақырыбы : "Намысты елдің нар ұлдары" эстафеталық жарыс
Қатысатын сыныптар: 6 сынып
Мақсаты:Білімділік: Оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы менбілімін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын, қимыл қозғалысын, ептілігін,икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Саламатты өмір салтына, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа,шапшаңдаққа тәрбиелеу.
Түрі: Командалық жарыс
Сабақтың әдісі: Ойын
Керекті құрал жабдықтар: Ысқырық, кедергілер, шеңберлер, доптар,кеглилер, кішкене доптар, таяқшалар, секіртпелер, плакаттар.
Жарыс бөлім: Оқушыларды екі топқа бөлу. Аталған топқа ат қою.
1-топ-"Қыран" тобы
2-топ- "Барыс" тобы
1. Картоп отырғызу
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, қолдарындағы кішкене доптарын шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
2. Картоп жинау
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, шеңбер ішіндегі кішкене доптарды алып тіке жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
3. Кенгіру
Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
4. Допты бастан асырып беру
Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші -
үшінш
Страницы: 1 | 2 > >>