Ән қала - Қызылорда!
Қызылорда қалам Сырдың бойын жайлаған,
Халқы бар ежелден, айтқан серттен таймаған.
Гүлзарлар мен алаңдар,
Қыр гүліндей жайнаған.
Дарияның балағы су бетінде ойнаған,
Дәмін тартқан дос жаран, ешбір кезде тоймаған.
Мұнайы мен кені бар,
Байлықтың басын құраған.
Оқымысты ғалымдар болашақты ойлаған,
Өсіп келеді бұл қалам, білдірмей жылдар зулаған.
Көркейе бер, өсе бер, болашағым алда деп,
Осы басқан қадамыңнан адасып жолда қалма тек.
Қызылордам жүрегімнің астанасы сен менің,
Осы жерде дүниеге кеп жүргегіме бөлендім.
Осы жерде жолдама алдым өмірге,
Қызылордам, мақтанышым сен менің.
Қарыштай бер жылдан жылға көркейіп,
Жас буындар жая берсін өркенін.
Сен көркейсең менде бірге түлеймін,
Құт береке дарыған ұлы мекенім!
Страницы: 1