Мыс тас ғасыры

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Қазақстан тарихы 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мыс-тас ғасыры энеолит
Білімділігі: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, оқушыларға адамзат баласының металдан жасалған құралдарды мыс-тас ғасырынан (энеолит) игере бастағанын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Топтық жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: "Жинақтау", " Ойлан тап ", " Сиқырлы сандықша ", " Тарих әлемі" ойындары.
Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі адамдар еңбек құралдары, энеолиттік қыш ыдыстар суреттері,буклеттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сұрау. III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың жоспары: 1. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі. 2. Еңбек құралдарының жетілдіруі. 3. Мыс-тас ғасырының ескерткіштері.
Ұйымдастыру кезеңі ( 5мин ). Топтармен таныстыру: I-топ: " Тапқырлар"
II-топ: "Білгірлер"
Жарыс жоспары: 1-кезең. "Сәлем сөздің анасы" таныстыру, топ аты, топ ұраны. 2-кезең. " Жинақтау " / Адамның қалыптасу кезеңдерін ретімен орналастыру / . 3-кезең. " Ойлан тап " / Суреттегі еңбек құралдарының атын дәл табу / . 4-кезең. "Сиқырлы сандықша" / Сандықша ішінде заттар жасырылады /. 5-кезең. "Тарих әлемі" / Әріптер артына сұрақтар жасыру /.
1-кезең. Әр топ - топ атын, топ ұранын таныстырады. Өте жақсы-10 ұпай Орташа- 5 ұпай
Мұғалім: Карта арқылы алғашқы адамдардың қоныстанған жерлерінен жүріп өтеміз. Әр қоныстанған шатқалдардан өткен сайын көптеген тапсырмаларға жауап беруіміз керек

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: