Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қауым күрделі музыкалық шығармаларды дұрыс түсінбегендіктеноны тыңдай алмайды, себебі ондай адамдардың музыкалық түсінігі, білімі таяз.
К. Маркс: "Егер де өнерден ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің жоғары болсын" деген. Музыка сыншысы А. Серов: "Бетховенның симфониясынан ләззат алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәденитетілігін дамытамыз.
Оқушылар мектептегі музыка сабақтарындағы ән айту процесінде музыканы сауатты түрде тыңдауды үйрене бастайды.
Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміне бойлау үшін ең алдымен оны дұрыс тыңдай білу өте қажет.
Музыка сабақтарында музыка тыңдау процесінің мақсаты-музыканттар дайындау емес, жалпы жасөспірімдердің өнерге деген мәдетиетін көтеру, қазіргі заманның талабына сай тәрбиелеуге бағытталған адамгершілігі мол, нәзік сезімді, қайырымды, мейірімді, шығармашылық қабілеттері мол ұрпақ дайындауға көптеген әсері бар құрал ретінде пйдаланатын жұмыстардың бірі болып есептелінеді. Өйткені, музыкалық шығарманы адамның рухани азығы десек қателеспейміз. Музыканың үні арқылы адам баласының сезімі қалыптасады. Сезім арқылы адам түсінеді, дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Қандай да музыкалық шығарма болмасын адамның өмір тарихымен, сол адам өмір сүрген қоғам тарихы арқылы туындайды. Оған мысалға көптеген шығарманы алуға болады.
Бірақ, олар туралы музыка тыңдаудың әдіс тәсілдерін үйрету барысында тереңірек тоқталамыз. Ал сол музыканы тыңдауды үйретуді баланың жас кезінен бастап қалыптастырған дұрыс.
Бұл туралы Э. И. Бальгитис дейтін ғалым: " Баланың музыкалық талғамы оның балауса жас

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: