Мәтінді пішімдеу. Абзац

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сынып: 5 "Б"
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Абзац.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Берілген параметрлер бойынша мәтінді пішімдеуді жалғастыру. Абзацты (азат жолды) пішімдеуді және мәтіндерді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім ретінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды меңгерту.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, компьютермен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
В) Тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Түсіндірмелі -практикалық.
Сабақтың әдіс - тәсілі: топтық жұмыс, АКТ, СТО, тақтамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд, оқулық, дәптер, маркер
Пәнаралық байланыс: ағылшын, өзін - өзі тану, сурет
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу;
Ынтымақтастық қалыптастыру;
Оқушылардың назарларын аудару.
Оқушыларды үш топқа бөлу, түрлі түсті қағаздағы аттар бойынша:
компьютер, ноутбук
"Жақсы тілектер" ойыны: психологиялық ахуал орнату:

Саламатсыздар ма, балалар! Бүгінгі сабағымызды бастайық! Біздің ұранымыз:

Психологиялық ахуал:
1) Психологиялық тренинг "Шаттық шеңбері" көмегімен оқушылар бір - біріне өздерінің аттарының бас әрпінен келетін жақсы қасиеттерінді айтады.
Информатика ұраны: "Ғылымдардың патшасы, жаңа өмір қақпасы,
Компьютерді өмірде, қолданады баршасы
Тілейміз біз сәттілік, сабағымызда бүгінгі

2 топқа бөлі: Біздің бүгінгі сабағымызды сиқырлы суреттерден бастайық, (қима қағаздан компьютердің, ноутбуктің суреттері шығады);
Бағалау парақшасын беремін. Балалар, топ ережесін сақтай

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: