Сабақтың тақырыбы: MS Power Point бағдарламасын игеруді қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың MS Power Point бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін қорытындылау, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, презентациямен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерімен жұмыстануға, ізденуге, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.
Сабақтың типі: Презентациялық сабақ
Сабақтың әдісі: Қорытынды қайталау
Сабақтың көрнекілігі: алдын ала дайындалған презентация, тест сұрақтары, жауап парағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
ІІ кезең. Білім - тест (қайталау)
ІІІ кезең. Білік: "Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы" (дайын презентацияны талдау)
ІV кезең. Ақыл: шығармашылық тапсырма: "Ұстаз - ұлы тұлға"
V кезең. Іскерлік (жарнама дайындау)
VІ. Қорытынды (үйге тапсырма, оқушыларды бағалау).
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ кезең. Білім - тест (қайталау)
Оқушыларға тест сұрақтары мен жауап парақтарын тарату.
1. Слайдтарды сұрыптау режимі қандай мүмкіндік береді?
а) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы;
ә) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады;
б) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді;
2. Презентацияны көрсетуді қай команданың көмегімен орындауға болады?
а) Показ слайдов - Начать показ;
ә) Показ слайдов - Настройка демонстрации;
б) Файл - Предварительный просмотр;
3. Жаңа сл
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>