Міне, күз де келді

Страницы: 1 | 2  >  >>

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы II кіші топ: "Көбелек"
Білім саласы: "Таным"
Бөлігі: Жаратылыстану
Тақырыбы: "Міне, күз де келді" (табиғатқа саяхат)
Мақсаты: Балаларды өзгерістерді байқауға ынталандыру; табиғатқа, ауа райына, адамдардың киімдеріне. Тәрбиешімен бірге табиғат аясын қарауға үйрету. Қоршаған ортамен байланысқан жылы лебіздерін және табиғатқа байланысқан сұлулығын көруге үйрету.
Билингвалдық компонент: алтын күз - золотая осень
Сөздік жұмыс: күз келеді, қыс түседі, көктем келеді, жаз туады.
Көрнекіліктер: суреттер
Іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің басқарымдық қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиеші балалардың назарын жыл мезгіліне аударады. Қазіргі жыл мезгілін, айды сұрайды. Осы күнгі ауа райын сұрайды.
Балалар тәрбиешіге назар аударады.
Балалар әңгімеге араласып, жыл мезгілі жайлы, бүгінгі ауа райы туралы айта бастайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс
Балалармен күз келбеті жайлы суреттер бойынша жұмыстар жасау.
Сұрақ-жауап әдісі.



Балалар далаға қараңдаршы ауа райы қандай? Ағаштардағы жапырақтардың түсі қандай? Біз қазір қалай киініп жүрміз?
Сергіту сәті









Д/о "Жыл мезгілдерін ажырат"
Балалар сурет бойынша әңгімеге араласады, сұрақтарға жауап береді. Балалар тәрбиешінің сұрақтарын мұқият тыңдайды, жауап беруге тырысады
-Күн салқын
-Жапырақтар сары
-Қазір қалың киініп жүрміз
Балалар сергіту сәтін орындайды.
"Күз келсе, біз күңіренеміз,
Қыс келсе, біз қысыламыз, Көктем келсе, көңілденеміз,
Жаз келсе, біз жайыламыз"
Балалар ойынға өте белсенді қатысады.
Рефлексивті-коррекциялау

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: