4 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Микрокалькуляторды пайдаланып
есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға микрокалькулятордың
пайдасын айта отырып, қалай жұмыс
істеу керектігін одан әрі меңгерту.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта
отырып, есеп шығаруға деген
қызығушылығын арттыру.
3. Басқа пәндермен байланыстыра
отырып оқушыларды адамгершілікке,
жан - жақты білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, ой - қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Ғарышкерлер суреті.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Қызығушылығын ояту
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІV. Жаңа сабақ
Сәуір айында қандай мерекелер бар ?
1 сәуір - Күлкі күні
7 сәуір - Денсаулық күні
12 сәуір - Ғарышкерлер күні
- Біздің сабағымыз қай мерекемен сәйкес келіп тұр ?
- Ғарышкерлер күні.
- Олай болса бір - бірімізге жақсы тілектер айтамыз.
- Мен ашық аспан, жақсы күн тілеймін.
- Мен мықты денсаулық, зор байлық тілеймін.
- Мен сабақтарыңызды жақсы оқып, ғарышкер болуларыңа тілектеспін.
Онда бүгін біз мына әртүрлі фигураларды пайдалана отырып, ғарышкер кемесін құрастырып алайық. Ол үшін фигураның артындағы тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.
1. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? Ол қай жылы ғарышқа ұшты?
2. Қазақстан Республикасы қай жылы егемендігін алды?
3. Ең алғаш ғарышқа ұшқан кім? Қай жылы?
4. Қазақстаннан екінші ғарышқа ұшқан кім? Қай жылы?
5. Микрокалькулятор дегеніміз не? Оны қалай пайдаланамыз?
6. Сан өрнектің мәнін табу үшін микрокалькуляторды қалай пайдаланамыз?
7. "Сиқырлы шаршы" дегеніміз не?
oo Біз ғарыш кемесін құра
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>