құрастырылады және бағдарламанады.
IDE бірнеше элементтерден тұрады:
:: Басты меню;:: Инструменттер панелі;:: Жоба терезесі;:: Қасиеттер терезесі;:: Пішін макетінің терезесі;
:: Элементтер панелі;:: Пішіндер конструкторы;:: Объектілерді қарау терезесі
Басты меню деп Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Сол жақта файл меню тұр. Ол қолданбаларыңды құрайтын файлдармен жұмыс істеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады.
Инструменттер панелі-басты менюдің тура астында Visual Basic инструменттер панелі болуы тиіс. Инструменттер панельдерінде Басты менюдің жиі қолданылатын неғұрлым қажетті командалары бар. Инструменттер панельдерінің артықшылығы - тышқанды бір рет шерту арқылы командаларға қарапайым түрде қол жеткізу. Әдетте экранда бір инструменттер панелі болады.
Жоба терезесі -- қолданбаны құрайтын барлық объектілер жобаға бірігеді. Жоба терезесі экранның оң жақ бөлігінде, инструменттер панелі астында орналасады. Объектіде тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде контекстік меню ашылады. Бұл менюде осы объектіге қатысты командалар бар. Контекстік меню тікелей активті объектімен жасалатын операциялардың орындалуын тездетеді. Бұл мүмкіндікке дағдыланыңдар, өйткені ол уақытты үнемдейді.
Қасиеттер терезесі-объектінің сипаттамаларын/өлшемі,түсі,экрандағы жағдайы/немесе объектінің күйін белгіленетін объект атрибуты. Visual Basic-тегі барлық объектілердің атрибуттары бар. Мысалы пішін белгілі бір өлшемге, фон түсіне, өз тақырыбына т. б. ие. Мұның бәрі пішіннің қасиеттері. Пішіндегі батырманың өзіндік қасиеттер жиынтығы - өлшемі,түсі, жазбасы бар.
ІV. Кестемен жұмыс.
Төменде келтірілген кестедегі мәліметті MS Access бағдарламасында әзірлеп, оны Microsoft Visual Bas
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>