Microsoft Access 2013 мәліметтер базасын құру

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

р - мәліметтер базасынан ақпаратты алады, әрі мұнда мәліметтер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. Microsoft Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуальді ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып, бір немесе бірнеше кестелерден қажетті мәліметтерді аламыз.
Макростар - жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді.
Модульдер - бағдарламалық процедуралар, Visual Basiс тілінде жазылған. Егер Microsoft Access-тің стандарттық мүмкіншілігі қолданушыға жеткіліксіз болса, программист не болмаса қолданушы жүйенің мүмкіншілігін кеңейту үшін қажетті модульдер жазады.
Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың қасиеттерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері - оның типі мен өлшемі. Microsoft Access мәліметтер базасы келесі мәліметтер түрлерімен жұмыс істейді:
Мәтіндік типті өріс (текстовый) - шектеулі өлшемді мәтінді сақтауға арналған (255 символға дейін).
Мемо өрісі (поле Мемо) - үлкен көлемді мәтіндік мәліметтерді сақтауға арналған арнайы тип (65535 символға дейін).
Сандық типті өріс (числовой) - бүтін не нақты сандарды сақтауға арналған.
Күні/уақыты (Дата/время) - күнтізбелік даталарды және ағымдық уақытты сақтауға арналған мәліметтер типі.
Ақшалы (денежный) - ақшалық соманы сақтауға арналған мәліметтер типі.
Санауыш (счетчик) - автоматты түрде өсу реті бойынша натурал сандарға арналған арнайы мәліметтер типі. Жазылымдарды реттік нөмірлеуге арналған.
Логикалық (логический) - логикалық мәліметтерді сақтауға арналған мәліметтер типі. (тек екі мәнді қабылдайды, мысалы Иә немесе Жоқ).

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: