Сабақтың тақырыбы: Microsoft Access 2013 мәліметтер базасын құру
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Уақыты: 90 мин
Оқыту орны: компьютерлік технология кабинеті
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: үш деңгейлі әдістемелік жүйе (ТВL), (CBL), ақпараттық, интерактивті технологиясы.
Сабақтың педагогикалық мақсаты:
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;
Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың маңыздылығын көрсету;
Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
Ақпараттық ізденіс қабілетін арттыру;
Пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімді қалыптастыру, студенттерді білімнен хабардар етіп қана қоймай, тың мәліметтер беріп, алған білімдерін Microsoft Access мәліметтер базасын басқаруды дұрыс қолдануға үйрету.
Дамытушылық: Студенттерді өз мамандығына деген қызығушылықпен, сүйіспеншілікпен қарауға баулу. Жаңа заман талабына сай технологиялармен жұмыс жасауға, тиімді пайдалануға, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Техниканың заман талабына сай қажеттілігін түсіндіру, өз бетінше жұмыс жасауға бағыттау.
Тәрбиелік: Студенттерді компьютермен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Студенттерді колледждің техникалық құрал жабдақтарын және дүние-мүліктерді ұқыптап ұстауға үйрету. Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру. Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету. Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Кәсіптік қасиеттерін қалыпт
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>