лары
Ми бөлімдері
Ортаңғы ми
Артқы ми
Сопақша ми
1 - Үлкен ми сыңарлары
2 - Аралық ми
3 - Ортаңғы ми
4 - Ми көпірі
5 - Сопақша ми
6 - Мишық
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы орташа 1300-1400г.
Жұлындағыдай мида ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы-мидың ақ заты ішкі жағында,сұр заты сыртында болады. Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді,себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады.
Ми бөлімдері:1)сопақша ми;2)мишық (артқы ми);3)ортаңғы ми;4)аралық ми;5)алдыңғы ми сыңарлары.
1. Сопақша ми-жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Жұлындағы сияқты,сопақша мидың ақ заты сыртында,сұр заты іш жағында орналасады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему,жұту,жөтелу,түшкіру,көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тынысалу,қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан.
2. Артқы миға-мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығында орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан,оны ми көпірі дейді. Мишық-сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын,тұлға,аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын,дененің қол-аяғы тез шаршайды,қозғалысы,тепе-теңдігі,сөзі бұзылады.
Ортаңғы ми-артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс,жарық тітіркенгіштерін тез бағдарлауды реттейді. Ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12жұп бассүйек-ми жүйкелері тара
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>