Металдарды құйма қалдықтарынан таңдамалы түрде бөліп алудың электро-химиялық тәсілдерін жасау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп, сабаққа дайындығын қадағалау
II. Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақты еске түсіру мақсатында "Химиялық диктант" жүргізу.
1. Металдардың маңызды физикалық қасиеттері?
2. Металдардың электр- және жылуөткізгіштігін сипаттаңдар?
3. Металдарды таптауға, жаншуға бола ма? Бұл құбылыстың сырын қалай түсіндіруге болады?
4. Құймалар дегеніміз не?
5. Ең алғаш алынған құймалардың бірі?
6. Металдар тығыздығына қарай нешеге бөлінеді?
7. Ең қатты металл?
8. Ең ауыр металл?
9. Түсті металдар?
10. Ең қиын балқитын металл?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Металдардың химиялық қасиеттері олардың атомдарының құрылысына, атап айтқанда, атом радиусының үлкендеу, валенттік электрондарының аздау болатынына тәуелді. Реакция кезінде металл атомдары өздерінің валенттік электрондарын оңай береді, сөйтіп, оң зарядты катиондарға айналып тотығады:
Me0 - ne- Men тотықсыздандырғыш
Ал тотықтырғыш қызметті металл атомдары берген электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар атқарады. Металдардың тотықсыздандырғыштық қабілеті бірдей емес. Мәселен, натрий оттекпен лезде әрекеттеседі, ал мыс оттекпен қыздырғанда ғана реакцияласады. Мәселен, тотияйынның CuSO4 ерітіндісіне батырылған темір шеге қызғылт түсті мыспен қапталады, ал темір сульфатының FeSO4 ерітіндісіне салынған мыс шеге өзгермейді. Мыспен салыстырғанда темірдің электрондары атомдардан оңай үзіледі, өйткені темір мыстан гөрі белсендірек элемент.
Металдардың химиялық қасиеттері
Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер болғандықтан жай және күрделі заттармен әрекеттеседі:

Металдар - тотықсыздандырғыштар

Қосылу реакциялары

Орынбасу реакциялар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: