Металдардың адам өміріндегі маңызы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Сергазина Бакытгуль Кенесовна химия-биология мұғалімі
9 сынып химия
ашық сабақ

"Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам,
бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес" (Қ. Сәтбаев)
Сабақтың тақырыбы: Металдардың адам өміріндегі маңызы.
Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: Металдар туралы білімдерін кеңейте отырып, адамдардың металдарды игеруі және металдардың тірі организмдегі маңызының зор, олардың қоршаған ортада алатын орны ерекше екендігін күнделікті өмірден байқаймыз.
2. Дамытушылық: - Оқушылардың ізденушілік, танымдық және пәнге қызығушылығын дамыту; Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Туған елге, жерге, оның байлығына деген мақтаныш сезімін дамыту, металдарды орынды пайдалана білу үшін - экологиялық тәрбие беру, мамандық таңдауға деген көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ.
Әдіс - тәсілі: жоба, "Жуан және жіңішке сұрақтар" стратегиясы, "Кім жылдам", . "Химиялық эстафета" , "Ойлан тап",
Пән аралық байланыс: физика, биология, тарих, география, әдебиет.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта; ыдыстар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық кезең - Қызығушылықты ояту.
"Ой қозғау" стратегиясы(5 ұпай)
1. Барлық ғалымдардың зерттеуі.
"Сырларым бар химиктерге аян". Химиктердің зерттеуі. "Таба алсаң қасиетімді етем баян"
1. Сұрғылт түсті кәдімгі металмын, Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын Негізгі пәтерім 24-ші, 6-шы көшеде болсам да Кендерім Мұғалжарда, тауда жатырмын" (Хром - Cr)
2. Ертеден білгілі жетеудің бірімін, Электротехника саласынд ірімін. Көптеген құймаларға кіремін Әдеміл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: