Сыныптан тыс шара: «Металдарға саяхат!» интеллектуалдық ойыны
Күні
Тобы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдылығын, көптің ортасына салып, бақтарын сынату, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Дамытушылық. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту компьютерлік іскерлігін дамыту.
Тәрбиелілік. Оқушыларды компьютерді пайдалана отырып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, оларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, суреттер, компьютерлік презентация
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! «Металдарға саяхат!» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз!
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
Бірінші топ: ТОР-921 1 топша
Екінші топ: ТОР-921 2 топша
Жүргізуші: Ал, олай болса, «Металдарға саяхат!» интеллектуалдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Алдымен, «Металдарға саяхат!» ойынының шартымен таныс болыңыздар!
Ойын 4 турдан тұрады.
1-тур- «Бәйге»
2-тур- «Көкпар»
3-тур- «Үй тапсырмасы»
4-тур-« Алхимик»
Жюри мүшелері сәйкес келген жауаптарға 1 балл береді. Ең көп жинаған топ жеңімпаз болады.
Жүргізуші: Ойын ережесімен таңыс болыңыз:
1-турда әр түсте 3 сұрақтан бар, әр сұрақ 1 балл. Сұрақтар әр топқа кезекпе кезек қойылады.
Олай болса, 1 – турды бастаймыз. !!! Алғашқы сұрағымызды тыңдаңыз
Жүргізуші: Түсті металдар 1 сұрағы: Дүниежүзінде қанша түсті металл балқытылады
Жауап варианттары:
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>