Менің тұңғыш Президентім

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

осаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар - үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз "Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін" деген асыл арманды арқалап тұр.
1-ші: Жүргізуші:
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған - суретші Шәкен Ниязбеков.
"Гүлдер" тобының орындауында "Қазақстан" әні.
2-ші Жүргізуші:
Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
1-ші: Жүргізуші:
Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
- Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік пе?
- Иә!
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?
2. Біздің Елбасымыз кім?
3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
4. Біздің тіліміз қандай?
5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады?
(Балалар сөзжұмбақты шешеді).
2-ші Жүргізуші: "Көбелектер" тобының орындауында ән - "Ағатайым-ай!".
1-ші: Жүргізуші:
Нұрсыл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: