Менің Президентім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

29 "Арай" МДҰ


" Менің Президентім!"













Дайындаған:ортаңғы топ тәрбиешісі
Ещжанова Жанар Сагынышовна

2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: Менің Президентім!
Мақсаты: Балаларға өз елінің Президенті туралы мағлұмат беру. Елін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т. б.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!
Тәрбиеші: Бүгінгі күн Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
Әнұран айтылады.
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы - Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Тәрбиеші:
"Көбелектер" тобының орындауында ән "Отаным".
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
"Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды", - дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады.
Елтаңбаның авторлары - халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.
Шаңы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: