Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша өз ойын жеткізе білуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер
I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу
II Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
III Жаңа сабақ. Менің отбасым.
IV Тапсырмалармен жұмыс
1 - тап- ма. Мәтінмен жұмыс
2 - тап-ма. Біліп ал.
Отбасы мүшелері: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас, сіңлі
3 - тап-ма. Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Отбасында неше адам бар?
2. Олар кімдер?
3. Олар не істеп жатыр?
4. Отбасы қандай?
IV Сергіту. Бір,екі, үш
Жоғары көтер, төмен түс.
Қанатыңды бір қағып,
Бір отырып, бір тұрып.
Қане ұшайық аспанға.
4-тап-ма. Дәптермен жұмыс.
Сұраққа жауап жаз.
Олар неше жаста?
Үлгі: Менің атам 60 жаста.
5-тап-ма. Өз отбасың туралы жаз.
6-тап-ма. Ойлан тап.
Санамақ.
Атам. әжем,
Әкем,шешем,
Әпкем, сіңлім,
Ағам,інім,және мен
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Сабақты бекіту. Не білдік? Нені үйрендік?
Сақты қорыту
Үйге тапсырма: 6- бет . Санамақты жаттау.
Өз отбасың туралы жазып келу.
Страницы: 1