Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым
Сыныбы: 4
Сабақтың мақсаты: Отбасының маңыздылығы туралы наным қалыптастыру, "отбасы" және "бақытты отбасы" ұғымын терең түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: "Отбасы" және "Бақытты отбасының" ерекшеліктерін айқындай отыра білімдерін шыңдау.
Дамытушылық: Тақырыпты толық түсінуге баулу , еске сақтау, сөйлеу танымдық іс - әрекеттерін ұлғайту, оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ыңғайлы жағдай турдыру және танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Отбасындағы үлкендерін сыйлауға, құрметтеуге және өз орталарында бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, әңгімелеу т. б.
Сабақтың барысы
"Біз бақытты отбасымыз" атты ән ойнап тұрады.
Ұйымдастыру
Арайлы атқан таңыңмен.
Шұғыла шашқан күніңмен.
Шұңғылап бақта ән салып,
оятты бұлбұл әнімен. (слайд 1)
Балалар, бүгін сіздер өте әдемісіздер. Мен сіздердің әдемі жүздеріңізден қуаныш көріп, өзімде қуанып тұрмын.
Шаттық шеңбері
Кәнеки балалар, бәріміз шеңберге тұрып бір-бірімізге қарап жылы сөздермен лебіздерімізді әр тілде білдірейік. (Балалар бір - біріне қарап тілектерін әр тілде айтады. )
Мұғалімнің сөзі
Мұғалім:
"Біздің шаңырақ"
Атамнан басталар
Әжемнен қосталар
Отбасы мыналар
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған апам бар
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін
- Бүгін сіздермен біз . . . . . . . . . , не жайлы өтеміз білесіздер ма?, ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын табады. (слайд 2)
- Дұрыс, бүгінгі тақырып "Отбасы" деп талады.
- Сіздер "отбасы" деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Адамға не үшін отбасы керек?
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>