ске асыру.
Тәрбиелік: Қазақ тіліне, пәнге, ұлтқа деген сүйіспеншілік, сыйластық, достық сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық: 1-сыныпта алған білімдерін бекіту. Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
IV. Жаңа сабақ.
1. "Танысу" тақырыбында әңгіме жүргізу. Осы мақсатта 1-тапсырманы орындау. Сұрақ-жауапты тыңдап, оқыған соң өз мектептері жайлы оқушыларға әңгімелету.
2. 2-тапсырма "оқылым" әрекетін іске асыру мақсатында берілгендіктен, оқушыларды үлгі бойынша сөйлету.
3. "Айтлылым" әрекетін оқушының меңгеруі үшін "Кел, танысайық!" тапсырмасымен жұмыс. Сыныпта жүйелі түрде сөйлеуге баулу.
4. "Жазылым" әрекетініске асыру үшін 4-тапсырманы жазбаша орындату. Танысу тақырыбын жазбаша жұмыспен бекіту. Оқушылардың сауатты жазуын бақылау.
5. Оқушылардың тілдесім әрекетін тыңдау мақсатында 5-тапсырманы оқушыларға ауызша кезек-кезек орындату.
V. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту:
а) сұрақ-жауап жасау;
ә) үлгі бойынша сөйлем үйрету;
б) әдептілікке баулу.
VІ. Үйге тапсырма.
2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ә дыбысының айтылу, жазылу ерекшеліктерін қайталау. Қазақ тіліне тән ә дыбысын жете меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қазақ тіліне ғана тән ә дыбысының оқылу, айтылу, жазылу заңдылықтарын жете түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ә
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>