Ұйымдастырылған оқу қызметінің
7 технологиялық картасы
Өткізген: Кузеубаева Ж. Ж.
Өткізу мерзімі: 27. 11. 2020ж.
Топтың жас ерекшілігі: 10мектепалды даярлық топ
Білім беру саласы: "Әлеумет"
Бөлімі: ҚОТ
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан. Мемлекеттік рәміздер.
Мақсаты: Өз Отаны -Қазақстан Республикасы туралы білімдерін қалыптастыру. Міндеттіері:
БМ: ҚР рәміздерімен таныстыру (Ту,Елтаңба,Әнұран),ҚР мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларда мақтаныш,Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның әсемдігіне таңданыс сезімдерін қозғау.
ДМ:Туған елдің тарихына қызығушылықтарын дамыту, балалардың тілдерін байыту.
ТМ: Балаларда Қазақстандық мемлекеттің қуатына құрметтерін,Отанға деген сүйіспен-
шіліктерін,өз еліне деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданатын құрал - жабдық: Тақырыпқа байланысты суреттер. Сөздік жұмыс: Мемлекеттік рәміздер,елтаңба,ту,әнұран.
Көптілділік компонент: Отан-Родина-Homeland,мемлекеттік рәміздер-государственные символы-State symbols.
Қызметтің кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Отан деген - Атамекен,
Отан - ана,
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел!
Шеңбер бойына тұрып, тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Әңгіме жүргізу.
-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Дұрыс айтасыңдар, біз өте бақытты, тыныш, достығымыз жарасқан мемлекетте өмір сүреміз.
-Біздің ұлтымыз қандай? Біз қай тілде сөйлейміз?
-Ал,сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме?
Қазақстан Республикасы - біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>