Менің өлкемнің тамаша табиғаты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

адам ауруға ұшырады.
4. Табиғат - дем ал деп ауаны сыйлайды, Өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
5. Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы,
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?

II. Саяхатымыздың екінші аялдамасы. "Тіршілік көзі - су" деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен.
6. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су. "Судың да сұрауы бар" дейді дана халқымыз.
7. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер бар. Осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр.
8. Соның салдарынан Арал Теңізінің суы азайып ол тартылып қалды. Арал аймағының жағдайы осындай болды.
9. Ал, Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне, бұл адамның қолымен жасалған қатыгездік.
10. Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай ананы
Азаматтық ары менен аялауға тұр дайын.
Мұғалім: Сонымен су қара жердің сәні, табиғаттың жаны делік. Ал табиғатты әдемілікке бөліп тұрған не?
Ол өсімдіктер

III. Саяхатымыздың үшінші аялдамасы: "Табиғат байлығы - өсімдіктер" деп аталады. Олар туралы не айта аламыз?
11. Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын деген көрнекті сөз соның айғағы.
12. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлері азайып, бара жатқандықтан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: