ірге аяқ баса бер
Асулардан аса бер.
Баланың тұсауын кеседі.
Екі жағынан қолынан ұстап әже мен ана ақ матаның үстімен баланы жүргізеді.
Әже мен келін қосылып:Тәй -- тәй,бас балақан
Адымдай ғой!
Бір,екі,үш
Алға қарай жүре ғой
Тә--тәй--тәй!
Музыка әуенімен баланы әже ақ матаның үстімен жүргізіп анасына тапсырады.
Әже:Ал, мынау саған, сақта!(қиылған ала жіпті, матаны анаға береді)
Келін:Рақмет. Әже , мынау сіздің қолақтығыңыз.
Әже:Балаң үлкен азамат болсын!Ата-ананың тірегі болсын!
"Бесікке салу" салт -- дәстүрімен алдарыңызда "Қырандар" командасы.
Ортаға қолына баласын көтеріп келін мен әже шығады.
Әже:Келін шырағым, мына немеремді бесікке салатын күн де келді.
Сен жабдықтарды дайындадың ба?
Келін:Иә, дайын!
Әже:Балаларым, келіңдер, мына бесіктің қасына жақындап отырыңдар.
Мынау бесік. Баланы жатқызбас бұрын, бесікті аластау керек.
Адырыспан шөбін жағып бесікті аластайды.
Алас -- алас -- алас
Пәле -- жаладан қалас
Тіл -- көзден сақта
Барлық жамандық
Осы отпен кетсін!
Ал енді бесіктің жабдықтарын саламыз. Мынау не?Дұрыс, мынау көрпеше.
Мынау не?Дұрыс, мынау жайма. Мынау не?Дұрыс, жастық.
Мынау не?Дұрыс, айна. Айнаны жастықтың астына саламыз. Қыз бала әдемі болсын деп. Ал, мынау не?Дұрыс, мынау қамшы. Қамшыны бесікке іліп қояды. Ұл бала батыр болсын деп.
Ал енді бөпені әкел!Алла -- бисмилля -- рахим!Мынау не?Дұрыс көрпе.
Баланың үстін жабамыз.
Бөпенің ұйқысы тәтті болсын деп "Бесік жырын" айтамыз.
"Бесік жыры" (бәрі)
Әлди -- әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама,бөпем,жылама
Жілік шағып берейін!
Әлди -- әлди бөпешім
Ұйықтай қойшы көкешім
Тербетейін жата
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>