"Менің елім-өз отбасым"
Жүргізуші:Армысыздар құрметті жиналған қауым!Армысыздар қымбатты балалар! "Менің елім - өз отбасым" --атты сайысқа қош келдіңіздер. Сіздердің алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұландарымыз ата-аналарымен бірге өз өнерлерін көрсетпек. Бүгінгі байқауымызды Тәуелсіздіктің 25 -- жылдық мерейтойына орай өткізіп отырмыз.
Байқауымызды Жарасқан Әбдірашевтің "Отан -Ана" атты тақпағымен бастаймыз.
Данил: "Отан-Ана"
Отан-атам,
Отан-әкем.
Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса.
Неге біздер
Дейміз оны "Атамекен?!"
"Отан-әжем.
Отан-анам!"
"Туған ел!"деп
Ол бекерге айтылмаған.
Атам,әжем,Әкем,Анам-
Төртеуі де "Отан"маған
Төртеуі де "Ботам"дейді
"Ер-азамат атан"дейді
Мақтанамын Отаныммен
Отаныма "Ботамын мен!"
Ж. Әбдірашев.
Жүргізуші:Ал,келіңіздер,келіңіздер!
Бір-біріңізге еріңіздер!
Өздеріңізді көрсетіп,
Бүгінгі сайысқа қатысып көріңіздер!
"Елім менің" әуенімен қатысушы командаларды қошеметтейік!
Ересектер "А" тобының "Тұлпарлар" командасы!
Ересектер "Б"тобының "Қырандар" командасы!
Жүргізуші:Ал,сайысқа әділ баға беретін қазылар алқасын қошеметтейік және танысып өтейік!
Балабақша тәрбиешісі: С. К. Шапихова
Балабақша тәрбиешісі:Ш. Р. Яхяева
Балабақша денешынықтыру мұғалімі: К. З. Джамекова
Жүргізуші:Ал,енді сіздерді осы сайыстың бағдарласымен таныстырып өтейік:
Сайыстың бірінші кезеңі--- "Визитка",яғни әр команда өзін ұсынады.
Сайыстың екінші кезеңі--- "Әрі оқу,әрі ойын" (Мемлекеттік рәміздер туралы тапсырмалар болады. Елтаңбаны
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>