ІІ деңгей
1. Төменде берілгенсөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құраңдар.
Оқу озаты, араласу, түйдей құрдас, жұбын жазбау, ақкөңіл, мойындау, қадір тұту.
2. Өтілген сөздерді пайдалана отырып, өз достарың туралы айтып беріңдер.
3. "Телефон арқылы досыңмен сөйлесу" тақырыбына диалог құраңдар.
І деңгей
Достық ұғымын қалай түсінесіңдер? Осы тақырыпта шығарма жазыңдар.
VІ Тақтамен жұмыс
"Дос" сөзін септеу және фонетикалық талдау жасау.
VІІ Оқулықпен жұмыс
3 - тапсырма. Достық туралы мақал мәтелдерді оқып, түсін.
1. Досы жақсының-өзі де жақсы.
2. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
3. Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.
4. Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп.
5. Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең
6. Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар.
VIII Шығармашылық жұмыс
IX Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.
X Бағалау
Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.
XI Үй тапсырмасы
"Дос" өлеңін жаттау.
Страницы: << < 1 | 2