Пәні:қазақ тілі
Класс:2
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Менің достарым
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушының қоршаған ортасына сай тілдік жағдаяттарда сөйлеу үлгілерінің ең қарапайым түрлерін қолдана білуге үйрету. 
Дамытушылық: Мәтіндер негізінде оқушының сөйлеу тілін дамыту. 
Тәрбиелік: Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы ынтымақтаса жұмыс істеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, қанатты сөздер, плакат, маркерлер, А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, парақшалар. 
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сипаттау, талдау, диалог, "Мен жұлдызбын" тренингі, ассоциаграмма,"Кім жылдам!" дидактикалық ойыны. 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Оқушыларды екі қатарға тұрғызып, "Мен жұлдызбын" тренингін өткізу. 
ІІ. Өткен сабақты тексеру. 
 Өткен сабақтың тапсырмасын тексеру. 
 Кемшіліктерді анықтап, түзетіп, бағалау. 
ІІІ. Жаңа сабақ. 
 ДОС
Көрнекіліктермен жұмыс
Мұғалім: Балалар, дос деген - киелі ұғым. Дос- тарың әрдайым сендерге көмекке келеді. Мына плакаттарда жазылған сөздерге назар аударыңдар ("Досы көпті жау алмайды", "Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын", т. б. ). 
Сөздікпен жұмыс
Оқиды-читает
Ән айтады-поет
Билейді-танцует
Ойнайды-играет
Тебеді-катается
Көңілді-веселый
Ақылды-умный
Батыл-смелый
Күшті-сильный
Әдемі-красивый
Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма. Сурет бойынша толтырып айт. 
 Менің досым бар. Оның аты . . . Мен . . . жастамын. Менің досым . . . 
 Біз ертегі . . . 
		
		
Страницы: 1 | 2  >  >>
		
		
	    
	
    