Сынып: 2
Пән: қазақ тілі
Тақырыбы: Менің бөлмем
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдіс- тәсілдері:сұрақ - жауап,ой қозғау,ой қорыту,баяндау,топтық
Сабақтың мақсаты:
1)Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.
2) Сөздік қорын молайту,оқу,жазу,есте сақтау,ойлау, тындап қайталау қабілетін дамыту.
3) Табиғатты қорғауға,Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұымдастыру:
Сәлемдесу, түгелдеу.
Кезекшімен сұхбат.
- Қай жыл мезгілі?
-Қай ай?
-Бұгін қай күн?
-Сыныпта кім жоқ?
II. Өткен тақырыпты қайталау:
1. Сұрақтарға жауап беру:
1. Көктем айлары қандай?
2. Наурызда не болады?
3. Қазақтар сәуірді не дейді?
4. 9 мамыр қандай күн?
III. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткекен ережелерді қайталау
IV. Жаңа сабақты түсіндіру:
Тәуелдік жалғау
Тәуелдік жалғауы белгілі бір заттың, нәрсенің, кімнің меншігі екенін білдіреді. Тәуелдік мағына заттық ұғымды білдіретін сөздерге тәуелдік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: дәптер-ім, қалам-ың (қалам-ыңыз), балта-сы.
Тәуелдік жалғаулы сөздердің жазылуы
Сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, олардың көпшілігі өз түбірін өзгертпейді. Мысалы: Отан-ым, ел-ім, жер-ім.
Түбірі к, қ, п дыбыстарымен аяқталған сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, к дыбыс г, қ дыбысы ғ, п дыбысы б болып айтылады және солай жазылады. Мысалы: кітап - кітаб-ым, көйлек - көйлег-ім, қолғап - қолғаб-ым.
Жақ
Құлын
Моншақ
Күрек
Кітап
1-жақ
құлын-ым
моншағ-ым
күрег-ім
кітаб-ым
2-жақ
құлын-ың
моншағ-ың
күрег-ің
кітаб-ың
3-жақ
Страницы: 1 | 2 > >>