Күні:
Сынып:
Тақырыбы: Менің ауылым
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, әңгімелей алуға жетелеу.
2. Оқушылардың есте сақтау дағдысын қалыптастыру.
3. Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: оқу, баяндау, аудару, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Ауылдың суреті. Бағалау парақтары. Диаграмма.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, отырғызу, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақ.
Сөздік:
Шөп-трава, сено
Шалғы-коса
Еңбекқор-трудолюбивый (-ая)
Шапты-косил
Жинау-собирать
1-тапсырма. Мәнерлеп оқып, жаттап ал.
Мен еңбекқор боламын,
Айтқан тілді аламын.
Жігіт болып өскенде,
Нағыз фермерболамын.
(К. Сегізбай)
2-тапсырма. Мәтінді оқы, аудар.
Жазғы каникулда мен ауылға барамын. Ауылда атам мен әжем тұрады. Мен атама көмектесемін. Атам шөп шапты. Мен жинадым. Атамның 5 түйесі, 2 сиыры, 3 биесі, 15 қойы, 10 ешкісі, көп тауығы, үйректері, қаздары бар. Атам - еңбекқор адам.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Жазғы каникулда сен қайда барасын?
2. Ауылда кімдер тұрады?
3. Атаңның қандай малдары бар?
4. Атаң қандай адам?
4-тапсырма. Сөйлемді толықтырып жаз.
Сиырдың. . . . . . . . . . . . . . . .
Қойдың. . . . . . . . . . . . .
Тауықтың. . . . . . . . . . .
Биенің. . . . . . . . . . . . . . . . . .
Ешкінің. . . . . . . . . . . . . . . .
Түйенің. . . . . . . . . . . . . .
Страницы: 1