ар берілген сұрақтарға көрсетілген уақыт ішінде жауап беріп, баға алып екінші кезеңге өтуі керек.
Оқушылардың ІІ кезең бойынша жинаған ұпайларын хабарландыру.
1-жүргізуші: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар»,- делінген.
2-жүргізуші: Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті, »- делінген. Олай болса бүгінгі өткізгелі отырған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.
1-жүргізуші: Бүгінгі сабағымызға сынып оқушылары 3 топқа бөлініп сайыса отырып, өз білімдері мен өнерін ортаға салуға келіп отыр.
2-жүргізуші: Бүгінгі сайыс сабаққа қатысқалы отырған оқушылардың білімдеріне баға беріп, төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1-жүргізуші: Кез-келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. Олай болса осы 3 негізгі рәміздер атындағы топтардың сәлемдесу, танысу кезеңіне сөз берейік.
1-жүргізуші: Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін «Бәйге»кезеңіне кезек берейік.
2-жүргізуші: Талапты бала
Талпынған құстай.
Құмары қанбас
Аспанға ұшпай.
Сайыстың «Бәйге» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі.
1. ҚР-ның тәуелсіздігі қашан жарияланды?
2. ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?
3. Геральдика дегеніміз не?
4. Виксикология дегеніміз не?
5. Нумизматика дегеніміз не?
6. Елтаңба тану ғылымының атасы кім?
7. Мемлекеттік Тудың авторы кім?
8. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер?
9. Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер?
Амандасып сайысқа қатысатын топтар өздерінің топтарымен таныстырады.
1-топ: Өзіңдікі туың да,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>