Мемлекеттік Рәміздер-бой тұмарым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

р арқау болып,бар жүгінді арқалап,
Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.
Елім үшін шексізөмір,тіршіліктің нышаны,
Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.

Жүргізуші:
Көк кілемдей желде ескен қанатты бар пырағы,
Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.
Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,
Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.

Жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Жүргізуші:
Отан-жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді
Отан-ұран, отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Жүргізуші:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Жүргізуші:
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданын төрінде.

Жүргізуші:
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.



Жүргізуші:
Әнұраным-жан ұраным
Айтқызбай-ақ жан ұғарым.
Айтар әнім,сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым

Жүргізуші:
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны

Жүргізуші:
Барша халық таныған
Біздің үміт,тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі

Жүргізуші:
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды

Жүргізуші:<

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: