Мерзімі:
Сынып: 2 "Ә"
Мұғалім: Қыдырбекова К. А
Сынып сағаты
Тақырыбы: Мектептегі оқушының міндеті мен ережесі Мақсаты: 1. Оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балалардың білімге деген құштарлығын ояту.
2. Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. 3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер
Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі. Яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу. Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала отанды, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ. Ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерің бар. Сондықтан да тынбай еңбектеніп білім алуларың керек.
ІІ Білім керек бәріне
Оқу білім бұлағы - білім өмір шырағы .
- Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болыптабылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады. Сен дебілімді болсаңдар өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар.
3. Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері
Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты- мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.
1. Жалпы тәртіп сақтау ережелері: . 1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ-киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дай
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>