Сынып: 4
Пән: қазақ тілі
Тақырыбы:Мектепке жол. Дыбыстық талдау
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс- тәсілдері:сұрақ - жауап,ой қозғау,ой қорыту,баяндау,топтық
Сабақтың мақсаты:
1)Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.
2) Сөздік қорын молайту,оқу,жазу,есте сақтау,ойлау, тындап қайталау қабілетін дамыту.
3)Отансүйгіштікке,пәнсүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы
I. Ұымдастыру:
Сәлемдесу.
Кезекшімен сұхбат
-Қай жыл мезгілі?
-Ауа райы қандай?
-Сыныпта кім жоқ? II. Өткен тақырыпты қайталау:
1. Сұрақтарға жауап бер:
-Әлия, сен қай мектепте оқисың?
-Мектепте қандай үйірмелер бар?
-Сен қандай үйірмеге қатысасың?
-Сенің досың қандай үйірмеге барады?
III. Үй тапсырмасын тексеру:
1) жаңа сөздерді 2 жаттау
2)11-12 беттер 4 6
IV. Жаңа сабақты түсіндіру:
Дауыссыз дыбыстар
Дыбыстау мүшелерінен ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді.
Дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, м, н, ң, к, қ, һ, д, т, ц, п, ф, з, с, ж, ш, щ, ч, р, л, й, у.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дыбыстау мүшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды. Осыдан салдыр пайда болады. Дауыс пен салдырдың қатысына қарай дауыссыз дыбыстар үш топқа бөлінеді: қатаң, ұяң, үнді.
Қатаң дауыссыздар
п, к, қ, т, ш, с, һ, ф, ч, ц, х
Ұяң дауыссыздар
б, в, г, ғ, д, ж, з
Үнді дауыссыздар
р, л, м, н, ң, й (тай), у (тау)
а) Мұғалім дауыстап оқиды ә) оқушылар қайталайды б) тізбекпен оқиды в) сөздіктеріне көшіріп жазу жаяу - пешком көше - улица даңғыл - проспект
жақын - близко
Сергіту сәті. Қызыл өрік.
3-жаттыгу. Сөйлес
Страницы: 1 | 2 > >>