Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда инклюзивті тәсілдерді жүзеге асыру

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ыру нұсқаушысы, психологтын жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т. б. оқу іс әрекеттері) және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады. Жалпы инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Ата-аналар мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға және мүдделерін іске асыруға, оны қорғауға құқылы.
Қорғалжын ауылы "Балауса" балабақшасында 140 бүлдіршін тәрбиеленеді. Кәзіргі кезде балабақшада мүмкіндігі шектеулі балалардың болмағандығына байланысты инклюзивті білім беру жұмыстары жүргізілмейді. Соңғы кезде өкінішке орай сөйлеу тілінде кемшілігі бар балалар саны өсуде. Балабақшаларда да сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездеседі. "Балауса" балабақшасының топтарында жалпы сөйлеу тілі ақаулықтары бар балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, логопедиялық сабақтар, жеке түзете-дамыту жұмыстары, психологиялық кеңестер,қызықты логикалық ойындар, жеке жұмыстар жүргізіледі. Сонымен, қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту-балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы - ұлттық құндылықта

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: