Мектепке дейінгі балалардың қабілетін ойын-жаттығулар арқылы дамыту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Мектепке дейінгі балалардың қабілетін ойын-жаттығулар арқылы дамыту"
1. "Балалардың танымдық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруда ойындар технологиясын қолданудың тиімділігі"
2. Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту.

"Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық
қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес"
В. А Сухомлинский.

Жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие, сапасын жақсарту қажет. Баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиялар қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа технологияны қолдану - баланы жан жақты терең ашуға, оған бағыт бағдар беріп жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділігін арттыруға септігін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгеріп отырып олардың ой өрісін, білім дағдысы деңгейін,кеңейту, сана сезімін, таным қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажет. Осындай мақсатта қоғам дамуының айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі- ақпараттану болғандықтан, бүгінгі адамзаттың шығармашылық әрекетінің нәтижесі компьютердің де маңызы зор. Оқу іс-әрекеттерінде интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қызықты өткізуге тырысамын.
Инновациялық технологиялардың ерекшелігі - білімді жатқа меңгерту емес, балалардың өз бетінше меңгеруіне ұмтылатындығында. Ол есту, көру қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын ауызша дамытуға бағытталады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту арқылы балаларды мынадай жетістіктерге қол жеткіздім.
Әр бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланды, әр баланы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: