Мектеп

Страницы: 1 | 2  >  >>

Қазақ тілінен сабақ жоспары
3 -сынып
І тоқсан - 37 сағат
Модульдің тақырыбы: Өткенді қайталау (3 сағат)
Модульдің мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өткен жылдан алған білімін есіне түсіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін, ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыра отырып, оған деген сүйіспеншілікті арттыру.
1-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Мектеп
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдістері: көрнекілік, сұрақ-жауап,аударма, жаттығу әдістері.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптағы суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
1. Фонетикалық сәті. Ә-әже, Ғ-ғалым, Қ-қалам, ң- теңге, Ө-өзен, Ұ-ұя, Ү-үй, һ-жиһаз, І-іні.
2. Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1)Балалар, сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
2)Бүгін неше сабақ болады?
3) Бірінші сабақ қандай?
4) Сыныпта неше адам бар? (неше қыз балалар, ер балалар)
ІІ. Жаңа материал.
а) Сөздік жұмысы.
қабат - этажқазақ тілі - казахский язык
орыс тілі - русский языкәдемі - красивый
жарық - светлыйоқиды - учатся
дәптерге - в тетрадисурет салады -рисуют
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Мынау - мектеп. Ол үш қабатты. Мектепте қазақ тілі, орыс тілі, математика кабинеттері бар. Олар әдемі, жарық. Балалар кітап оқиды, дәптерге жазады, сурет салады.
-Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. (қара жазылған сөздер орнына сұрақтар қойыңдар. Мысалы: Мынау не?)
-Жұппен ауызша айтқызу.
ІІІ. Сергіту сәті. Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
"А" -деді, "Б" -деді,
"Р"-ға тілі келмеді.
2-тапсырма. Аударма жұмыс. Два этажа, красивая школа,

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: