Математикалык ойындар мен тапсырмалар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қызықты математикалық тапсырмалар мен ойындар.

Қызықты тапсырмалар мен ойындардың мақсаты - математикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, тиянақтау, бақылау.
Бұл тапсырмалардың міндеті - балалардың пәнге деген қызығушылығын туғызып, оқушылардың белсенділігін арттырады.
Қызықты тапсырмалар мен ойындар бастауыш сынып оқушыларына арналған.
I. Ертегі сипаттағы қызықты есептер.
Есеп - 1.
Қызыл Телпек әжесіне еттен, саңырауқұлақтан және орамжапырақтан 14 самса әкелді. Орамжапырақтан жасалған самса еттен жасалған самсадан екі есе көп. Еттен жасалған самса 3. Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу?
Шешуі: 14 - (23) 8 с.
Жауабы: Қызыл Телпек әжесіне саңырауқұлақтан жасалған 8 самса әкелді.
Есеп - 2.
Қожанасыр 5 тиындықтан үшеуін жерге қазып көмді де, одан дәл сондай үш тиындарды алды Осылайша ол осы тиындарды үш рет алды үш рет алды.
Сонда Қожанасырда неше тиын болды?
Шешуі: 5 3 3 45 тиын
Есеп 3.
Қаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде?
Шешуі: 100 4 400
II. Тез есепте!
"Торғай нешеу?"
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қа не кім тез шешеді? (30 қаз)

6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: