ныны анықтау .
Жұмыстың барысы:
Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығарыңдар да, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;
Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құныны анықтаңдар;
Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып, анықтаңдар;
Анықталған шамаларды дәптерге жазыңдар;
Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:
Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігіМензурка бөлігінің құныӨлшеу қателігіҚателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)
2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.
Жұмыстың барысы:
Өлшеуіш цилиндрге қатты дана толық бататындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы көлемі және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;
Пішіні мен көлемі әр түрлі 2-3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:
Өлшейтін денеСұйықтың бастапқы көлемі (V1, см3)Дене мен сұйықтың көлемі (V2, см3Қатты дененң көлемі (V V2- V1)
Өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.
Қорытындылау.
Бағалау.
7-сынып.
Сабақ тақырыбы:
«Физика және астроно
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>