тың барысы: денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді: А1F1h.
Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретін F дененің ауырлық күшіне тең: F1P.
Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:
білеуді көтеретін h биіктігін таңдап алыңдар;
білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;
білеуді h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.
2-тапсырма. Денені көлбеу жазықтық бойымен h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы ℓ көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1 F2), оның есесіне жлдан ұтыламыз (ℓ h). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2F2. ℓ
«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір-біріне тең: А2 А1немесе F1hF2. ℓ
Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2 пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А1 А2.
тақтайды 175-суреттегідей көлбеу орналастырыңдар;
көлбеу жазықтықтың ℓ ұзындығын өлшеңдер;
білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдар да, F2 тарту күшін өлшеңдер;
білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.
3-тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін анықтау.
Жұмыстың барысы.
Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-і пайдалы А1 жұмысты толық А2 жұмысқа бөлгенге тең:
η А1/ А2 немесе пайызбен есептесек: η А1/ А2100
ПӘК-ін табу үшін:
Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н есептеңдер;
Механиканың «алтын ережесін» пайдаланып, үйкеліс есепке алынбаған жағдайда, көл
Страницы: << < 67 | 68 | 69 | 70 | 71 > >>